ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында трактор аударылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 тамыз күні Бөкей ордасы ауданында болды.
Шамамен сағат 10.30-да аудан орталығы Сайқын ауылында трактор аударылып қалды.
Соның салдарынан 1994 жылғы ер адам мен 2013 жылғы қыз бала көз жұмды.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейге пара бермек болған мас жүргізушінің ұсталғанын жазған едік.
Сондай-ақ БҚО-да қостанайлық алаяқ 82 жастағы әйелдің 1,9 млн теңгесін жымқырып кеткен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).