ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 27 наурыз күні сағат 00.30-да Бәйтерек ауданы Көшім ауылында болды.
Достық көшесі 36-мекенжайында жеке тұрғын үй отқа оранды. Аумағы 30 шаршы метрді қамтыған үйде жеке заттар мен жұмсақ жиһаз жанған.
Өрт орнынан газдан улану белгілері бар 1951 және 1981 жылғы екі ер адамның мүрдесі табылды.
«Тілсіз жау» сағат 02.03-те оқшауланып, 02.50-де толықтай ауыздықталды.
От шылым шегу кезінде абай болмаудан шығуы мүмкін деген болжам бар.
Кінәлі адамдар мен келтірілген залал анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тапаншамен жүрген ер адамның қолға түскенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).