ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Арман Өтеғұлов Сенат депутаты болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың мәлім еткеніндей, А.Өтеғұлов үшін 127 депутат немесе дауыс бергендердің 73,7 пайызы жақтап дауыс берді.
«Ақылбек Сұлтановты 25 депутат немесе 14,5 пайызы қолдады. Айболат Құрымбаевқа 15 депутат (8,7 пайызы) дауыс берді. Үш таңдаушы бәріне қарсы дауыс берді», деді Ғ.Қапақов.
Бұдан кейін Арман Өтеғұлов өзіне дауыс берген депутаттарға алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да таңдаушылар дауыс беріп жатырғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ таңдаушы Сенат депутатын сайлау қалыпты өтіп жатқанын жеткізді.
Фото: gov.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).