Баяу кокстеу қондырғысы күрделі апатты жағдайда емес – Атырау мұнай өңдеу зауыты
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауытынан баяу кокстеу қондырғысының күрделі апатты жағдайы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, кейбір телеграмм-арналарда баяу кокстеу қондырғысының күрделі апатты жағдайы туралы қауесетке толы ақпарат таралған.
– Биыл қараша айында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін баяу кокстеу қондырғысы штатты режимде жұмыс істеп тұр. Қондырғының қуаты тәулігіне 3 300 тонна дейін шикізатты құрайды. Өнім сапасы аккредиттелген зертханалармен расталған. Қондырғының барлық жұмыс параметрі – температура, қысым және өнім сапасы белгіленген нормаларға сәйкес келеді. Зауыт барлық экологиялық және өндірістік стандарттарды сақтап отыр. Өкінішке қарай, «АМӨЗ» ЖШС қызметіне кір келтіруді көздейтін жекелеген тұлғалардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін қауесеттер таралды. Бұл қоғамдық пікірді манипуляциялау арқылы қажетсіз дүрбелең мен кәсіпорынның тұрақтылығына күмән туғызады. Біз тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз, - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
Баяу кокстеу қондырғысыннан үш өнім шығарылады. Бұл – бензин бензин, газойль және кокс.
– Барлық өнім барлық сапа стандарттарына толықтай сәйкес келеді. Ал тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша реакторлардың болжамды пайдалы қызмет мерзімі шамамен 10 жылды құрайды. Зауытта 2021 жылдан бері тұрақты тексерулер мен жабдықтарды жаңғыртудың нәтижесінде аталған қондырғының жұмысындағы тәуекелдер 40 пайызға төмендеді, - деп мәлім етті зауыттың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының ашық алаңында күкірт жинаған компанияға айыппұл салынғанын хабарлаған едік.