ҚР ҰОК 3-7 маусым аралығында өтетін сары құрлық додасында өнер көрсететін ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Байдаркада ескек есу: Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова.
Каноэде ескек есу: Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва және Руфина Искакова.
Айта кетейік, Азия чемпионатында U18 санатындағы спортшылар да бақ сынайды.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіл атлетикадан Гонконгта өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтағанын жазған едік.