Байқоңырда ғарышкер кейпінде киінген сайлаушы өз таңдауын жасады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Байқоңыр қаласындағы № 122 сайлау учаскесіне ерекше киімдегі сайлаушы келіп, көпшіліктің назарын аударды.

Фото: ӨКҚ

Өңірлік коммуникация қызметі хабарлағандай, белсенді тұрғын Құрылтай депутаттарының сайлауына ғарышкер костюмін киіп келіп, азаматтық таңдауын жасады.

— Ғарыш әлемімен тығыз байланысты Байқоңыр қаласында мұндай бейненің сайлау учаскесінде көрініс табуы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тұрғындар онымен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді. Байқоңыр — адамзаттың ғарышты игеру тарихында айрықша орны бар, алғашқы ғарыш сапары басталған тарихи мекен. Осыған орай ғарышкер бейнесіндегі азаматтың дәл осы қаладағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі символдық мәнге ие, — делінген хабарламада.

Фото: ӨКҚ

Бұған дейін Қызылорда қаласындағы № 200 сайлау учаскесінде сайлаушыларды арнайы робот қарсы алды.