«Протон-М» зымыран-тасымалдағышы бар «Интелсат-23» ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.
Ракетаның ұшырылуы штаттық бағдарламаға сәйкес өтті. Ұшырылумен болуы мүмкін зардаптарды жою үшін сағат 12:37-ден 15:37-ге дейін ҚР ТЖМ-нің Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Төтенше жағдай департаменттерінің құралдары мен апаттық-құтқару күштері жоғары дайындық күйінде болды.