Ресейғарыштың баспасөз қызметінен хабарлағандай, мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес бүгін таңертең ұшырылатын «Союз ТМА-07М» жүк кемесі бар ғарыштық мақсаттағы «Союз-ФГ» зымыраны монтаждау-сынау корпусының 112 алаңына шығарылды.
Экипаждың негізгі құрамында Роман Романенко (Ресейғарыш), Крис Хадфилд (Канадалық ғарыш агенттігі) және Томас Машбёрн (НАСА), сондай-ақ дублерлер - Фёдор Юрчихин (Ресейғарыш), Лука Пармитано (ЕКА) және Карен Найберг (НАСА) дайындық жұмыстарын қорытындылауда.
Халықаралық экипажбен «Союз ТМА-07М» ғарыш кемесінің ұшырылуы 2012 жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған.