Негізгі экипаждың мүшелері - Ресейғарыштың ғарышкері Олег Новицкий, Евгений Тарелкин және НАСА ғарышкері Кевин Форд, сондай-ақ олардың дублерлары, реселік ғарышкерлер Павел Виноградов, Александр Мисуркин және американдық ғарышкер Кристофер Кэссиди ғарыш айлағының 254-алаңының жөндеу-сынау корпусында орналасқан «Союз ТМА-06М» басқарылатын транспорттық ғарыш кемесінде алғашқы жаттығуларды өткізді.
«Союз ТМА-06М» басқарылатын транспорттық ғарыш кемесі мен 33/34 ұзақ мерзімді экспедициясының экипажы бар «Союз-ФГ» зымыран-тасымалдағышы Халықаралық ғарыш стансасына 2012 жылдың 23 қазанында ұшырылады деп күтілуде.