БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Сырдария өзеніне суға кеткен 54 жастағы азаматтың мәйіті екі айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
9 ақпан күні Байқоңыр қаласындағы «Маяк» спорт кешені аумағында 1968 жылы дүниеге келген азамат суға кеткен.
Ол мұз үстінен өтіп бара жатқан уақытта тілсіз жаудың құрбанына айналды.
«Төтенше жағдайлар саласының мамандары оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 2 техника, 2 қайық пен 7 құтқарушы және туыстары атсалысуда. Әзірге нәтиже жоқ», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Департамент мәліметінше, жыл басынан бері алғашқы адам суға кетіп отыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада мал бағуға шыққан адам бірнеше күннен кейін табылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.