Қызылордада мал бағуға шыққан адам бірнеше күннен кейін табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жедел құтқару жасағының мамандары мал бағуға шығып, бірнеше күн бойы хабарсыз кеткен адамды іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар департаментіне мал бағуға шығып, қайта оралмаған азамат жөнінде хабар келіп түсті.

«Осыған байланысты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздеуге шықты. Оған екі іздестіру иті пайдаланылды. Мамандар «УАЗ-3909» автокөлігімен Қызылшың аумағында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушылар «ҚуатАмлонМұнай» АҚ кенішіне қарай 20 шақырым жерден 1967 жылғы малшыны аман-есен тапты.

Оны қожалық иесі мен полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен қожалық иесі бірге атсалысты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған 17 жастағы қыз Алматыдан табылды .

Соңғы жаңалықтар