Қызылордада жоғалған 17 жастағы қыз Алматыдан табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жоғалған 17 жастағы қыз Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, 25 наурызда полиция қызметіне 17 жастағы жасөспірім қыздың белгісіз бағытқа шығып, үйіне қайта оралмағаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

«Соған орай полиция қызметкерлері мен туыстары іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жасөспірімнің Алматы қаласында жүргендігі анықталды. Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласына жіберілді. Олар кәмелет жасына толмаған жасөспірім қызды Қызылордаға жеткізіп, ата-анасына табыстайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар