Қызылордада 17 жастағы қыздан алты күннен бері хабар жоқ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 17 жастағы қыз алты күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада 17 жастағы қыздан алты күннен бері хабар жоқ

17 жастағы Тұралы Айдана Нұралықызы Қызылордада 21 наурызда кешкі уақыт 20:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Оның ерекше белгілері бойы: 1,60-1,65 см, орта денелі, шашы қысқа қара түсті. Кәмелет жасына толмаған бойжеткен туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасы нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған жасөспірім қыз табылды.