Брифинг барысында журналистер бір жылдан бері саудаға шығарылған «Байсат» базарының не себепті сатылмай жатқанын және сатып алушы табылмаған жағдайда оның тағдыры қандай болатынын сұрады.
— Оның сатылмай жатқанының негізгі себебі сұраныстың немесе инвесторларда жеткілікті қаржының болмауы шығар. Егер нысан алдағы уақытта да сатылмаса, менің ойымша оны Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесі қарастырылуы мүмкін, — деді Нұрмахан Әділбеков.
Комитет төрағасының айтуынша, жалпы сатылмай жатқан нысандардың негізгі себебі — сұраныстың төмендігі. Барлық мүлік ашық форматта электрондық сауда алаңында сатылымға шығарылып отыр.
Айта кетейік, Алматыда «Байсат» базары үшінші рет сатылымға шығарылды.
Сонымен қатар Алматыдағы «Байсат» базарына сатып алушы тағы табылмағанын жазғанбыз.