— Біз республикалық партия болғандықтан еліміздің барлық өңірін, аудандары мен облыстарын қамтимыз. Құрылтайға үміткер болуға ниет білдірген азаматтардан көп өтініш келіп түсті. Солардың арасынан іріктеп, партияның бесінші съезінде 51 кандидатты бекіттік. Кейін жеке жағдайларына байланысты төрт үміткер өтініш жазып, кандидатураларын қайтарып алды. Соның нәтижесінде бекітілген кандидаттар саны 47 болды, — деді Азаматхан Әміртаев журналистер сұрағына.
Оның мәліметінше, 47 кандидаттың ішінде 13 эколог бар. Сондай-ақ екі гидротехник, жер мәселелерімен айналысатын мамандар, экологиялық аурулар саласында еңбек ететін екі дәрігер және экология мәселелері бойынша жұмыс істейтін сегіз заңгер бар. Бұдан бөлек, кандидаттар қатарында беске жуық кәсіпкер, түрлі мамандық иелері және екі көпбалалы ана ұсынылған.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Байтақ» жасылдар партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеді.