«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM — «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Құрылтай сайлауында дауыс берді. Сайлау учаскесінде бүгінгі күннің ел тарихындағы маңызына тоқталып өтті.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

— Бүгін тарихи күн. Ел тарихында алғаш рет Құрылтайды сайлап жатырмыз. Бұл Президент бастаған саяси реформалардың нақты қадамы. Мен бұл жерге сайлаушы ретінде келдім. Менің дауысым осы кезекте тұрған кез келген адамның дауысымен тең. Бүгінгі күннің мәні де осында, — деді Азаматхан Әміртаев.

Азаматхан Әміртаев ел азаматтарының саяси көзқарастары мен бағдарламалары әртүрлі болғанымен, ортақ мақсат елдің болашағы екенін атап өтті.

— Біз әртүрліміз. Бағдарламаларымыз да, бір мәселеге қатысты жауапкершілігіміз де әртүрлі. Бірақ еліміз бір. Кеше бізбен пікірталасқа түскен адам ертең бізбен қатар жұмыс істейді. Елдің бірлігі болмаса, кез келген реформаның нәтижелі болуы қиын, — деді ол.

Айта кетейік, бүгін елімізде тарихи Құрылтай сайлауы өтіп жатыр

Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.