«Малайсары көшесінде орналасқан «Артур-1» сауда үйінде шатыр жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бекітуге мүмкіндік болмады, үлгермедік. Оны қатты жел ұшырып түсірді», - деп жазды сауда орталығының әкімшілігі Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, қазір оқиғаның себебін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.
«Зардап шеккендерден кешірім сұраймыз» делінген хабарламада.
Оқыс оқиға бүгін түсте болған. Сауда орталығы ғимаратының бүйір жабыны жазғы дәмхананың үстіне опырылып түскен.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы құлаған аумақ - 300 шаршы метр.
Ал опырылған шатырдың астында қалған екі адам ауруханада жатыр.