- Жұмыс іздеп, табыс табуға келген адамдар көп жағдайда қарапайым, арзан баспананы жалға алады. Ал ондай үйлердің қауіпсіздік деңгейі төмен, тіпті кейбірі апатты жағдайда болады. Атап айтқанда, тек елорданың өзінде осындай 860 нысан есепке алынған. Өткен қыста оларда 30-ға жуық өрт оқиғасы болды. Негізгі себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, отты абайсыз пайдалану және қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - деді Олжас Бектенов.
Осы орада Премьер-министр әкімдіктерге Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, осындай үй-жайларды ерекше бақылауға алуды тапсырды.
- Сондай-ақ өрт шығу қаупі бар жағдайларды анықтап, шұғыл шаралар қабылдау үшін тұрақты рейдтер өткізіп тұру қажет, - деді Үкімет басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша жауапты ведомстволарға рейд жүргізуді тапсырды.