- Энергетика министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін өңірлерге әлеуметтік мазут жеткізу кестесін бекітсін. «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірге бекітілген кестеге және көлемдерге сәйкес энергия нысандарына көмір мен мазутты уақтылы жеткізу бойынша шаралар қабылдасын, - деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету мәселесіне арнайы тоқталды.
- Көмірді өндіру мен тасымалдаудан бастап оны халыққа сатуға дейінгі бүкіл жеткізу тізбегіне қатаң бақылау орнату қажет. Өңірлерде көмір тапшылығы мен бағаның негізсіз өсуіне жол берілмесін. Бұл үдеріске қатысушылардың барлығы өз жұмысын көмірмен қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы цифрлық платформа аясында ұйымдастыруға тиіс. Артта қалған әкімдіктерге орын алған мәселелерді тез арада жою қажет. Жылу беру маусымын кестеге сәйкес бастау керек, сонымен қатар ауа-райының өзгеруі мен күннің суытуына қатысты уақтылы әрекет ету қажет, - деді Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толық дайындығын қамтамасыз етуді, Оқу-ағарту, Ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды. Оның атап өтуінше, солтүстік, орталық және шығыс өңірлер бойынша барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлер 15 қазанға дейін жылуды іске қосуға толық дайын болуға тиіс.
- Менің тапсырмам бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары барлық өңірлерді аралап, оның ішінде жылыту маусымына дайындық барысын да тексеріп келді. Нұрлыбек Машбекұлы, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап, әр апта сайын өңірлердегі жағдай туралы маған баяндап тұрыңыз, - деп тапсырды Олжас Бектенов бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа.
Айта кетейік, отырыста Үкімет басшысы Олжас Бектенов оңтүстік өңірлердің электр энергиясы сенімділігін күшейтуді тапсырды.