Бельгиялық блогер Димаштың әндерінің арқасында танымал болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бельгияда тұратын блогер Димаш Құдайбергеннің әндерінің арқасында интернетте танымал болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Қырғызстандадүниеге келдім. Онда 19 жасыма дейін тұрдым. Қазір Бельгияда тұрамын. Мен негеқазақ болдым? Оның себебі – Димаш. Қазақ жері таңғажайып адамды дүниеге әкелді.Оның барлық жетістіктерін тізбей-ақ қояйын. Себебі оның қаншалықты данышпанекенін барлығымыз жақсы түсінеміз. Ол өте мейірімді, сезімтал әлі рухани байадам. Димаштың арқасында қазір менің арнамда оқырмандар саны артуда», - дедіЮлия Эйер лақап атымен танымал блогер өзінің YouTube-арнасында.


Юлия Эйр Димаштың шығармашылығын зерттеп, оның өлеңдерін орыс тілінеаударады. Сондай-ақ Youtube-арнасына қазақ тілінде өзі орындаған әндердіжүктейді. Әнші қыздың репертуары көбіне Димаш Құдайбергеннің композицияларынантұрады.

Еске салайық, бұғандейін қазақстандық жас әнші режиссер Алан Бадоевпен Исландияда қалайклип түсіріп жатқанын көрсеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар