Беларусьте ШЫҰ-ға қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі "Витебскідегі славян базары" XXXIII халықаралық өнер фестивалі аясында басталды, деп хабарлайды БЕЛТА. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кездесуге Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, ҚХР, Қазақстан, Иран және Үндістан өкілдері қатысуда. Витебскіге сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин келді.

Беларусь Мәдениет министрі Анатолий Маркевич бұған дейін тілшілерге осы кездесуден күтілетін практикалық қорытынды туралы айтқан болатын. Оның атап өтуінше, мұнда бір және ең басты мәселе — мәдениеттер арасындағы диалог талқыланады.

«Біз кейіннен Беларусьтен біз үшін „Дәстүрлер арқылы — болашаққа“ атты өте маңызды халықаралық жастар форумын өткізу туралы бастама көтеруге ниетті болғандықтан отырысқа қатысушылардың барлығының пікірін тыңдағымыз келеді. Сондықтан осы тақырыпты талқылап, бүгінгі таңда әр елде бар жол карталарында, бірлескен жұмыста қаншалықты жетістікке жеткенімізді көргіміз келеді. Мен мүмкін біз оңай түгендеу жүргізіп, жүріп өткен жолды қарастыруымыз керек шығар деп ұсынамын. Және болашақта өте маңызды жобаларымызды белгілейміз», — деді министр.

Қазақстанды ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов таныстырды. Ол өзара мәдени байланыстың маңыздылығын атап өтті.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрі

«Мәдени диалогты сақтау және дамыту біздің мемлекеттер дипломатиясының негізіне айналып, шиеленістерді шешуге және өзара мүдделерді жақындастыруға ықпал етіп жатыр», – деп атап өтті Евгений Кочетов.

ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет министрлерінің кездесуі Витебскіде алғаш рет өтіп отыр және Беларусь үшін ерекше маңызға ие. Беларусь шілде айының басында Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болды, тиісті шешімге Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында қол қойылды.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Лукашенко Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келген болатын. Ол агенттік тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

«Бүгінгі таңда Ұйымның еркін сауда-экономикалық аймағын құру идеясы алға тартылып жатқан ШЫҰ-ның Даму қорын құру жобасы жасақталып жатыр. Бұдан да маңыздысы — Ұйым аты аталғанда тек қана қауіпсіздік және экономикалық мәселелердің ойға келмеуі. Өйткені, бұл мәдениеттерді өзара байыту, халықтарымызды жақындастыру, жастар ұйымдарының тікелей байланысуы, спорт, туризм, ғылым, білім салаларындағы өзара іс-қимылды жандандырудың бірегей мүмкіндігі де ғой. Міне, сондықтан да Беларусь 9-15 шілде аралығында өтетін жыл сайынғы „Витебсктегі славян базары“ халықаралық фестивалінің бағдарламасына ШЫҰ елдерінің ұлттық мәдениеттері күнін енгізді», — деді Беларусь президенті.