Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді.
«Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтін болады»,- деп мәлім етті Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, блогер Валерий Кудрявцев басқа блогерлермен бірігіп жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді.