Белгісіз қарумен адам өлтірген сарыағаштыққа іздеу жарияланды - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында көрші ауылдың азаматын атып тастаған Сарыағаш қаласының тұрғынына іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, кеше Оңтүстік Қазақстан облысының Сарығаш қаласында жергілікті тұрғын көрші ауылдың азаматын белгісіз қарумен атқан. Жәбірленуші оқ жарақатынан ауруханада көз жұмды.

«Жедел іздестіру және тергеу шараларының нәтижесінде қылмысты жасаған күдікті анықталып, іздеу жарияланды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Алмас Садубаев.