Партияның атауының аббревиатурасы француз тілінде Tous Réunis pour l'Union des Mouvements Populistes деп жазылады және қазақ тіліне аударғанда «Популистік қозғалыстар одағы үшін біріккендер» деген мағынаны білдірсе керек.
Партияның негізін қалаушы Сальваторе Никотра Трампты «популизмнің абсолютті символы» деп атап, «ол біздің көзқарасымыз бен ұстанымдарымызды толық бейнелейді» деді. Оның айтуынша, TRUMP — «әлеуметтік бағыттағы оңшыл-популистік партия».
Никотраның мәлімдеуінше, партия Бельгиядағы федералдық деңгейдегі сайлауларға, сондай-ақ 2029 жылғы Еуропарламент сайлауына қатысуды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өткенін жаздық.