Бердімұхамедов: Түрікменстан мен Қазақстан қарым-қатынасы табысты дамыды
«Түрікменстан делегациясының атынан Қазақстан Президентіне жылы қабылдағаны, қонақжайлылығы үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Бірлескен жұмыс үшін тамаша жағдайлар жасалған. Биыл Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас кең ауқымды бағыттар бойынша табысты дамыды», - деді Сердар Бердімұхамедов.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның сапарының тарихи маңызы бар екенін айтқанын айтқан еді.
«Жаңа ғана жабық форматта біз ынтымақтастықты дамытудың ең өзекті мәселелерін талқыладық. Күн тәртібіндегі мәселелерге оң көзқарасыңыз үшін рахмет. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастық перспективаларына қатысты Сіздің барлық көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізге оң баға бердім», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: t.me/bort_01