«Жылуды қосу үшін қаладағы орташа тәуліктік ауа температурасы бес күн бойы 8 градус немесе одан төмен болуы керек. Жылыту маусымы әкімдіктің шешімімен басталады. Қазір қаламызда күн жылы, әлі 8 градус жоқ», - деді спикер.
Оның айтуынша, тұрғындар пәтер иелерінің кооперативі немесе мүлік иелерінің бірлестіктері бірлесіп, жылыту кезеңінде үйдің үйішілік желілерін дайындауы керек.
Бұған дейін ол биыл мегаполисте 9 шақырым жылу желісі ауыстырылғанын айтқан еді.
Жетінші қазан күні Алматы қаласының әкімдігі шаһар жылыту маусымына толық дайын екенін мәлімдеген болатын.