Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екатерина Мелкова бүгін Алматы облысының Комсомол ауылынан табылған.
Оны іздеу жұмыстарына криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және еріктілер жұмылдырылған.
«Қыз бала ата-анасына жіберіледі», - деп хабарлады полицияда.
Бұған дейін жасөспірімнің 6 наурыз күні жоғалғаны туралы хабарланған.