ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қараша күні Өскемендегі Понтонный көпірінің маңында болған.
«ВАЗ-2106» мен «Газель» көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі салонда қыстырылып қалған. Көп ұзамай сол жерге жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Олар 1954 жылғы ер адамды гидравликалық құралдың көмегімен алып шықты. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына қандай да бір қиындыққа тап болған кезде «112» телефон нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.