«Нобель сыйлығы ядролық қаруды кез келген жағдайда қолдану әкеліп соғатын гуманитарлық апаттың салдарына назар аудартқаны және ядролық қаруды қолдануға тыйым салу туралы келісімнің қабылдануына бар күш-жігерлерін салғаны үшін және үшін берілді», - деді ол.
Андерсеннің айтуынша, комитет ICAN-ға сыйлықтың берілуі «адамзатқа және Жердегі өмірге қауіп төндіретін» ядролық қаруға тыйым салуға бағытталған халықаралық күш-жігерді жандандыруға көмектеседі деп үміттенуде.
ICAN - ядролық қаруға тыйым салуды қолдайтын 100-ден астам мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы.
Биыл сыйлыққа 318 үміткер, соның ішінде 103 ұйым ұсынылды. Ал, 2016 жылы әлем Нобель сыйлығының лауреаты Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос атанды.