АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев жұптық сында Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші украиналық Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич - франциялық Люка Санчеспен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақстандық украиналық жұп 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде екеуі 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Лютаревич - Санчес 2 эйспен шектелді.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін Бейбіт Мысыр мен Астанада жұптық сында ITF M25 жарысында чемпион болған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Түркиядағы турнирдің финалында есе жібергенін жазған болатынбыз.
Михаил Кукушкин Доха турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).