Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына өтті

Фото: Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 192-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Морелос (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 8-ракеткасы Б.Жұқаев екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 430-сатыда тұрған америкалық Кристиан Лангмодан айласын асырды.

Қазақстандық спортшы бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте брейк жасай алды – 6:3.
Екінші сетте тай-брейкте Бейбіт өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:6 (7:5).

Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Лангмо 13 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 135-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтонмен шеберлік таластырады. Ол рейтингіде 327-орындағы швейцариялық Антуан Бельені ұтты - 7:6 (13:11), 6:4.

Қазақстандық теннисші ATP Live рейтингісінде 185-орынға көтеріліп тұр. Бейбіттің бұған дейінгі үздік көрсеткіші 186-саты еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 18 жастағы қазақстандық теннисшінің Түркиядағы турнирдің 1-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Мадрид турнирінің ширек финалына жолдама алды.