Михаил Кукушкин Мадрид турнирінің ширек финалына жолдама алды

Михаил Кукушкин
Фото: kukushkin_mikhail/Instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 143-ракеткасы Михаил Кукушкин Мадрид челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген тәжірибелі спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 182-орында тұрған германиялық Рудольф Моллекердің мысын басты.

Бірінші партияда Р.Моллекер тай-брейкте 7:6 (7:1) есебімен басым түскенімен, М.Кукушкин дер кезінде жиналып, камбэк жасай алды – 6:1, 6:1.

Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 6 эйспен бірге 18 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Моллекер 9 эйспен шектелді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін испаниялықтар, әлемнің 105-ракеткасы Альберт Рамос немесе рейтингіде 218-сатыдағы Ориоль Рока Батальяның біреуімен таласады.

Қазақстандық спортшы ATP Live рейтингісінде 132-орынға көтеріліп тұр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Қазақстан – Жапония матчын бастайтынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстан – Жапония текетіресінде Зарина Диястың неге ойнамайтыны белгілі болды. 

18 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің 1-ракеткасын жеңді. 

Соңғы жаңалықтар