АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 244-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты.
Бұл 24 жастағы теннисшінің жаңа жылдағы бастапқы жеңісі еді. Бір апта бұрын Бейбіт Оэйраштағы дәл осындай доданың алғашқы айналымынан аса алмаған еді.
Б.Жұқаев бұл жолы рейтингіде өзінен үш саты төмен тұрған Чили өкілі Матиас Сотодан айласын асырды — 6:1, 6:4.
Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің — 185, осы жарыстың 7-ракеткасы, германиялық Максимилиан Мартерер немесе рейтингіде 253-орындағы литвалық Едас Бутливастың біреуімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 249-ракеткасы Денис Евсеев алғашқы айналымда рейтингіде 307-сатыдағы португалиялық Фредерику Феррейра Силвамен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингіде өзінің жеке рекордын жаңартқанын жазған болатынбыз.
Аустралия ашық чемпионатында Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасына жол берді.
Пәкстанмен өтетін кездесуде ел намысын қорғайтын теннисшілер белгілі болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).