16:24, 13 Қаңтар 2025 | GMT +5
Пәкістанмен өтетін кездесуде ел намысын қорғайтын теннисшілер белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 1-2 ақпанда теннистен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан құрамасы Пәкістан спортшыларымен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасының Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы мына ойыншыларға сенім артты.
Аталмыш матчта ел намысын Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко, Бейбіт Жұқаев және Денис Евсеев қорғайды. Ойындар Beeline Arena стадионының жабық хард корттарында өтеді.
Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингіде жеке рекордын жаңартқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Аустралия ашық чемпионатында Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасына жол берді.