Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесі бойынша педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалған екені анықталды.
— «Ә» есімді педагог 2024 жылы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс істеген, — делінген хабарламада.
Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.
Аталған әрекеттер үшін, сот үкімі бойынша 7 педагог Қылмыстық Кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды.
Айта кетелік бірнеше өңірде жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкереленген еді.