Бейжіңде мектеп оқушылары қазақтың күйін сүйсіне тыңдап жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжіңдегі мектептерде оқушылар қазақтың күйін сүйсіне тыңдап жүр. Белгілі әнші Димаш Құдайберген Инстаграмға осындай видео жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Кішкентай балалар «Бастау» атты жеке концертімде мен орындаған «Адай» күйін тыңдап жүр. Видео Бейжің қаласындағы орта мектепте түсірілген. Бақытты болыңдар! Музыканың тілі баршаға түсінікті!», - деген пікір қалдырды Димаш.

Еске сала кетсек, Қытайда өткен I'm a Singer-2017 халықаралық ән байқауында екінші орын алған Димаш Құдайберген Қытай халқының ерекше қошеметіне бөленген болатын. Ал жазда Бейжіңде өткен Азияның жаңа әндері фестивалінде (2017 Fresh Asia music Festival) «Шетелдің үздік шығармашыл тұлғасы» аталымында жеңімпаз атанды.

Димаш Құдайбергеннің Қазақстандағы тұңғыш жеке концерті «Бастау» 2017 жылғы 27 маусымда өтті. Сол кеште талантты әншінің өнерін  тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс-жақын шетелдерден 30 мыңнан астам адам ағылып келді. Қонақтардың көпшілігі Ресей мен Қытайдан екендігін айта кеткен жөн.

Кішкентай құлыншақтар, менің Астана аренадағы "Бастау" концертімде ойнаған "Адай" күйін тыңдап отыр екен. Пекиндегі орта мектептен көрініс). Қол соққан кішкентай саусақтарыннан айналдым))) Бақытты болыңдар. Музыкада - тіл жоқ!!! __________________________ #DQ #DIMASH #DEARS __________________________ Маленькие детишки слушают кюй «Адай», который я исполнил на моём сольном концерте «Бастау».Видео было снято в средней школе г.Пекин). Будьте счастливы!) Язык музыки понятен всем!!! __________________________ Little kids listen to the kyu "Aday", which I performed at my solo concert "Bastau." The video was shot in the secondary school in Beijing.) Be happy!) The language of music is clear to all !!! __________________________ 小孩們聽我在我的個人音樂會“Bastau”演出的提示“Aday”,錄像帶在北京的中學拍攝。)快樂!) 所有音樂的語言都很清楚!

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Окт 30 2017 в 7:37 PDT