Көрмеге Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдерін, ұлттық дәстүрлер және елдің археологиялық мұрасын қамтитын фотосуреттер қойылды. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі Қуаныш Амантай мен ҚР Ұлттық орталық мұражайының ғылыми хатшысы Ерсін Жайнақов сөз сөйледі.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрменің басты мақсаты – қытайлық көрермендерді фотосуреттер арқылы Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру, сондай-ақ елдің тарихы мен ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттау.
- Бүгін көрмеде арнайы экспедиция кезінде Ресей мұражайларындағы түпнұсқа фотосуреттерден алынған қазақ халқының тарихы мен күнделікті өмірін көрсететін фотосуреттер таныстырылып отыр. Көне кадрлардың нашар жағдайына байланысты біз олардың сапасын жасанды интеллект арқылы қалпына келтірдік, - деп атап өтті Ерсін Жайнақов.
Жобаны Қазақстанның Ұлттық орталық мұражайы, Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігі және Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығы ұйымдастырды. Көрме – екі ел мәдениетінің тоғыспалы жылының бөлігі. Оның жұмысы 22-29 тамыз аралығында жалғасады.
Таразда Қарахан мемлекетінің ақша айналымын айғақтайтын жәдігерлер көрсетілгенін жазған едік.