10 және 11 шілде күндері қалада экстремалды жауын-шашын күтіледі.
Миюнь, Хуайжоу, Шуньи, Фаншань және Пингу аудандарында ең жоғары – «қызыл» қауіп деңгейі енгізілді. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде небәрі алты сағат ішінде 150 мм-ден астам жауын-шашын түсуі мүмкін, ал тәуліктік көрсеткіш 200 мм-ден асады.
Су тасқынына қарсы күрес жөніндегі штаб қала тұрғындарына арнайы ескерту жасады. Су басу қаупінің жоғары болуына байланысты 9 шілде күні сағат 13:30-дан бастап Бейжіңде төтенше әрекет етудің екінші деңгейі енгізілді.
– Тұрғындарға ауа райы болжамындағы өзгерістерді, дауылды ескертулерді және қауіпсіздік шаралары туралы ресми ақпаратты мұқият бақылауға кеңес беріледі. Сондай-ақ тұрғындардан жолға шығуды шектеу, қауіпті аймақтардан аулақ болу және сақтық шараларын сақтау сұралады, – делінген SMS-хабарламада.
Айта кетейік, Қытайда аяқ киім фабрикасындағы өрттен 28 адам қаза тапты.