БҒМ басшысы суицидтің ҰБТ-ға ешқандай қатысы жоқ деп есептейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мектеп оқушыларының өзіне өзі қол жұмсауы мен ҰБТ арасында ешқандай байланыс жоқ деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

«Құзырлы орган Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады. Оқиғалардың басым бөлігі денсаулыққа және психикалық жағдайға байланысты болғандықтан, ҰБТ-мен байланысын көріп отырғанымыз жоқ», - деп атап өтті министр тілшінің сұрағына жауап беру кезінде.

Дегенмен министр мұндай жағдайлар ведомствоның жіті назарында болатындығын хабарлады.

«Әрбір жеке оқиға комиссияның отырысында қаралады. Әр жағдай бойынша егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіледі», - деді ол.