Брифинг барысында БАҚ өкілдері ағымдағы жылы Ақтөбеде үш жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағанын, мұны кейбіреулер оқушылардың ҰБТ-дан қорқуынан орын алған жайт деп бағалауын атап өтіп, осы мәселеге байланысты С.Нүсіповтен түсінік беруін сұраған еді.
«Бұл өте күрделі мәселе. Өйткені, әрбір баланың жағдайы біз үшін өте маңызды. Ақтөбеде болған және басқа да жағдайларда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол аяқталмайынша анық мәлімет беруге мүмкіншілік жоқ», - деді ол өз жауабында.
Сонымен қатар Саят Нүсіпов тест тапсыруда оқушылар өз күшіне сенуі керектігін, тест сапасы жылдан-жылға жақсарып отырғанын баса айтты.
«Сондықтан баспадан не болмаса басқа да бір қателіктер орын алмаса, біз кереғар сұрақтардың болмайтындығына сенімдіміз. Барлық тест сұрақтары мектеп оқулықтарынан енгізіледі», - деді комитет басшысы.