АСТАНА. ҚазАқпарат - БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру депаратментінің директоры Шолпан Қаринова қазақстандық оқушылардың оқу мақсатымен ұялы телефонды қолдануы жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұялы телефонды қолдану немесе қолданбау мәселесі БҒМ құзырына жатпайды. Жалпы алғанда, ұялы телефон қолдануға тыйым салатын бірде-бір құжат жоқ», - деп жауап берді ол Үкімет үйінде журналистер сауалына.
Оның айтуынша әр мектептің ішкі тәртібі жөнінде өз қағидалары болады.
«Сол құжат арқылы мектептер бір ғана оқу ордасы ішінде белгілі бір ережелерді қарастыра алады», - деп атап өтті ҚР БҒМ өкілі.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.