Әлем кубогының кезеңі аясында алғашқы медальдар мен рейтингілік ұпайлар әйелдер арасындағы жекелей жарыста сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасы сапынан Милана Генева, Лаура Киныбаева, Дарья Климина жарыс жолына шығады.
Спорттық бәсеке Астана уақытымен 21:05-те басталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Германияның Арбер қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатқанын жазған едік.