Биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі: спринтте ел құрамасынан кімдер бақ сынайды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – 12 желтоқсанда Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі басталады.

Алғашқы күні ерлер және әйелдер спринті өтеді. 

Қазақстан құрамасының атынан жарыс жолына Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес, Милана Генева, Дарья Климина және Алина Скрипкина шығады.

Сондай-ақ әлем кубогы аясында із кесу жарыстары мен эстафеталар ұйымдастырылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын шорт-тректен қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы туралы жазғанбыз.