70 келідегі басты фаворит саналатын Бибарыс Әшірбай ақтық сында кадеттер арасында әлем чемпионы, Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы Джон Донохуеге (Ирландия) 0:5 есебімен жол берді.
Бибарыстың финалға дейінгі жолы:
1/16 финал. Сантьяго Хименез Лоссо (Аргентина) - 5:0
1/8 финал. Люк Насиф (Аустралия) - 5:0
1/4 финал. Асанте Ламар (АҚШ) - 3:0
1/2 финал. Зулфикор Адхамжонов (Өзбекстан) - 4:1
Айта кетейік, Бибарыс Әшірбай 2026 жылы Таиландтағы Futures Cup және U19 Азия чемпионатында топ жарды. Енді ол келесі аптада Дакарда (Сенегал) өтетін жасөспірімдердің жазғы Олимпиадасында да ел намысын қорғайтын болады.
Айта кетелік әлем чемпионаты: Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін ұтып, қола медаль еншілеген еді.