- Бүгінде 33 шетелдік жоғары оқу орны өз қызметін түрлі нысандарда жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде биыл 7 шетелдік жоғары оқу орны іске қосылды, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Негізгі мақсат — Қазақстанда академиялық және зерттеуші хаб құру. Сондықтан, шетелдің үздік 40 университеті Қазақстанда филиал ашуға келісім берген.
Айта кетейік, Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Анкона қаласындағы Марке политехникалық университетінің филиалы ашылды.
Биыл қыркүйек айында Астанада британдық университеттің филиалы ашылды.