Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Мектептерге өтінім қабылданып жатыр. Оларды eGov.kz электронды үкіметі арқылы және eGov mobile қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Сондай-ақ құжаттарды мектепке апарып өткізуге де болады.
Құжаттар демалыс пен мереке күндерінен басқа уақытты қабылданады.
Осыған дейін Оқу-ағарту министрлігі жоғары сынып оқушыларына мектептен кәсіби мамандық игеріп шығуға мүмкіндік беретін ілкі жобаны жүзеге асырып жатқаны туралы жаздық.