ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл қаңтар-ақпан айларында 155,9 мың қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметіне сай, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл қазақстандық туристердің саны 85,5 мың адамға немесе 35,4%-ға азайды.
Қоса кетсек, биыл қаңтарда ем алу мақсатында Өзбекстанға 7 мыңнан астам шетелдік келген. Оның ішінде 4,8 мың адам Тәжікстан азаматы болса, дертіне дауа іздеген тағы 1 мыңнан астамы қазақстандық.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.