Олардың ішінде 2 283 бала, 1 196 ата-ана және 930 педагог бар.
- Орталықтар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Мамандар мектеп психологтеріне әдістемелік қолдау көрсетіп, оқушылар мен ата-аналарға кеңес береді. Сонымен қатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының мамандарына арналған 3 000-нан астам іс-шара өткізілді.
Айта кетейік, балаларды психологиялық диагностикалау бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады.