- Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Осы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңару деңгейі 7,5%-ға жетті. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 8%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен бірге ескі техниканың үлесі азайып келеді. 2023 жылы техниканың тозу деңгейі 90% болса, 2025 жылы 70%-ға, ал биыл 63%-ға дейін төмендеді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60%-ға түсіру жоспарланған, - деді Айдарбек Сапаров
Оның айтуынша, бұл нәтижелерге жеңілдетілген лизинг бағдарламаларының арқасында қол жеткізілді.
- Биыл 10 айда лизинг арқылы сатып алынған комбайндар көлемі 21%-ға, ал трактор саны 16%-ға өсті. Ең маңыздысы, сатып алынатын техниканың 95%-ы отанымызда өндірілген. Бұл отандық зауыттардың жұмысына да оң әсерін тигізіп жатыр. Агромашхолдинг компаниясы 10 айда 1 233 трактор шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. «Казрост Инжиниринг» кәсіпорны 262 комбайн шығарды. Бұл 2025 жылдың көрсеткішінен 72% көп, - деді министр.
Айта кетейік, биыл алғаш рет шаруаларға жеңілдікпен берілетін кредит көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті.