Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 103 фактісінің алды алынды. Соның ішінде 41 факті – есірткі заттары, 50 факті қарулар мен оқ-дәрілер (7 дана тегіс оқпанды және 37 дана суық қарулары, 276 дана оқ-дәрілері), 1 056 факті – көлемі 66 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары, 741 факті – жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары, 215 факті – сомасы 1,9 млрд теңге валюта.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 13 фактісінің жолы кесілді. Браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 330 млн теңгеден асады.
Осы фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.
Айта кетейік, Ақтөбеде шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 18 шетелдік ұсталды.
БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өткен үш шетел азаматы сотталды.